Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев полицейлері оқушылармен бірге «Жүргізушіге алғыс» акциясын өткізді

Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің патрульдік полиция взводы №1 орта мектептің оқушыларымен бірлесіп, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері бойынша жүріс бөлігінен өту кезінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге қозғалыс артықшылықтарын беруге бағытталған «Жүргізушіге алғыс» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияның мақсаты – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы мәдениетін арттыру, жаяу жүргіншіні өткізіп жібергені үшін жүргізушіге лайк түріндегі өзара құрмет пен ризашылық білдіру.

Жол қозғалысына қатысушылар арасындағы жолда құрмет пен өзара түсіністік жүргізушілердің реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзуына байланысты болатын апаттардың азаю санына ықпал етеді.

Акция логотипі – қолды жұдырықпен, бас бармақты жоғары қаратқан белгі. Полицейлер мен балалар жол қозғалысы ережелерін сақтайтын жүргізушілерге осындай нышанмен алғыс білдірді.

Осы орайда айта кетейік, жыл басынан бері Сәтбаев қаласында бес жол апаты тіркелді, онда 4 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды, оның ішінде екеуі жаяу жүргіншіні соғу дерегі, онда 4 адам зардап шекті.

Бұдан басқа, көрсетілген кезеңде жаяу жүргіншіні өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен 29 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды және жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 349 жаяу жүргінші ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабына сәйкес жауапқа тартылды .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру