Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да колонияға телефон өткізбек болған азамат анықталды

СҚО-да колонияға телефон өткізбек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бақылау-із жолағын аралау барысында СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінің қызметкерлері 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, таспамен оралған полиэтилен пакеттерден екі орамды тапты. Тексеру барысында 4 телефон, 6 бірлік SIM-карта және 4 қуаттағыш тәркіленді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы іске қатысы бар Р. есімді азамат анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материал жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру