Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері 14 шетелдікті ҚР аумағынан шығарды

Жетісу облысының полицейлері профилактикалық іс-шараның нәтижесінде 4 күн ішінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін, көрші елдердің 14 азаматын ел аумағынан шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарына, қонақүйлерге, жатақханалар мен азаматтардың көп жиналатын орындарында заңсыз жүрген шетелдік азаматтарды анықтау бойынша тексеру жүргізді», – деп атап өтті ПД КҚҚБ бастығы Ерлан Раймбеков.

Небәрі 4 күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 318 дерегі анықталса, оның 205-і шетелдіктер. Қалған 113 заң бұзушылықты ҚР азаматтары жасаған. Сот қаулысымен 14 шетел азаматы өрескел заңбұзушылық жасағаны үшін елден шығарылды. Сондай-ақ іс-шара барысында, іздеуде жүрген екі азамат ұсталып, жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 19 адам қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

– Тәжірибе көрсеткендей шетелдік азаматтардың көпшілігі еңбек қызметімен айналысу мақсатында біздің еліміздің аумағына кіреді. Оларды еңбек қызметіне тарту мәселелері заңнамамен реттелген. Сондықтан көші-қон заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін еске салғым келеді, – деп толықтырды Е. Раймбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру