Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полициясында 50 жыл бірге өмір сүрген ардагерлердің отбасыларына құрмет көрсетілді

Ақмола облысында шаңырақ көтергендеріне жарты ғасыр болған полиция қызметкерлері мерекелік іс-шараға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз ежелден бірлік мерекесі болып саналады. Бүгін полиция департаментінің ғимаратында наурыз көже мен құртпен мерекелік дастархан жайылып, ерекше жылулықпен атап өтілді. Облыс ПД музейінің инспекторы Айдана Исина Наурыз қарсаңында 50 жыл бірге өмір сүрген ардагерлердің отбасыларына құрмет көрсетті. Сондай-ақ мерекеге полицейлердің көпбалалы және жас отбасылары қатысты.

– Отанға деген сүйіспеншілік отбасылық ошақта туады, сондықтан біз бүгін шаңырақ көтергеніне көп жыл болған отбасылар мен жаңадан отау құрған жастарды жинауды шештік. Өйткені, Наурыз мерекесі – отандастарымыздың ең сүйікті мерекесі. Бұл күндері бәріміз жақсы істер жасағымыз келеді. Біздің халқымызда бай дастарханды жайып, қонақтарды қарсы алу әдетке айналған. Қарттар бізге баталарын береді. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар бізді жақындастырады. Біздің департаменттің ғимаратында ежелгі дәстүрлеріміз әрқашан сақталып келеді, – деді мұражай меңгерушісі.

Белгібаевтар, Нұрмағамбетовтер отбасылары бүгінгі күнге дейін белсенді, облыс полицейлерінің қоғамдық өмірін қадағалап, көңіл-күй мен денсаулықты қалай сақтау керектігін біледі. Олардың әрқайсысының ошақ сақшыларының шыдамдылығы мен даналығының арқасында берік, бақытты біртұтас өмір сүрудің өзіндік құпиясы бар.

Қызмет пен қоғамға бүкіл саналы өмірін берген отбасы басшылары зейнетке қалай шыққанын байқамай, осы күндері өздерінің немерелері мен шөберелерінің қызықтарын көріп отыр. Бұған дейін балаларды тәрбиелеу мен үй шаруашылығындағы барлық жауапкершілік әйелдердің нәзік иығына жүктелген. Ол үшін ақсақалдар оларға өте риза.

Сондай-ақ еңбегі сіңген зейнеткерлер полицейлерге жылы құрметтері үшін алғыс білдіріп, оларға таңдаған мамандығына адал болуға, қызметтік борышын абыроймен орындауға, балаларда үлкендерге құрмет көрсетуге және туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болуды тіледі. Себебі бұл өскелең ұрпақтың болашағына әсер етеді – жас ұрпақ үлкендерга қалай құрмет көрсетеді, Отанын да солай жақсы көретін болады.

Жас отбасының өкілі ретінде мерекеге шақырылған полиция қызметкері Бекзат Жұмаеновтың домбырада әндерін орындау жылы және шырайлы қарым-қатынастың қисынды жалғасы болды.

Ұйымдастырушының өзі айтқандай, мереке алдындағы ардагерлерді құрметтеу – бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын жақсы дәстүр. Бұл өз тәлімгерлеріне құрмет көрсету және полицияның даңқты дәстүрлерін сақтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру