Түркістан облысында полиция бір апта ішінде 6 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады
Түркістан облысында полиция бір апта ішінде алты мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының полициясы 7 тәулікте 123 қылмысты ашты, оның ішінде есірткіні заңсыз сақтау мен тасымалдауға байланысты 20 фактіні анықтады. Тұрғылықты жері бойынша профилактикалық есепте тұрған 2920 адам тексерілді.
Сондай-ақ 6323 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның 202 дерегі заңсыз сауда фактісі бойынша тіркелді. Оған қоса түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған 359 жасөспірім анықталды. Бұдан бөлек жүргізушілердің мас күйінде автокөлікті басқаруының 10 фактісі мен қарсы қозғалыс жолағына шығудың 12 дерегі расталып, құқық бұзушыларға шара көрілді.
Еске сала кетейік, полицейлер іс-шара аясында жалдамалы пәтерлерді, қараусыз қалған ғимараттарды, аулаларды аралап, базарларды және басқа да орындарды тексеруде. Бұрын сотталғандар мен ІІО-да есепте тұрған өзге де адамдардың заңды талаптарды орындауы назарға алынды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау күн тәртібінен түскен емес.