Талдықорған полицейлері тұрғындарға жазаның бұлтартпас қағидатын еске салды
Талдықорған полицейлері қала тұрғындарына жазаның бұлтартпас қағидаты туралы еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
- Талдықорған қаласының тәртіп сақшылары әсіресе жол қозғалысы ережелерін бұзғандар үшін жазадан қашып кете алмайтындықтары туралы ескертті. Тіпті кішігірім теріс қылықтар да үлкен қателіктердің алғышарттары бола алатыны белгілі, оның бағасы адам өмірімен тең.
– Талдықорған патрульдік полициясы жол берілген құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыс орталығының жолдарында жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында ҚР ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша тұрақты негізде мақсатты жұмыстар жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері әкімшілік сотқа 254 әкімшілік іс, оның ішінде 37-і көлік құралын мас күйінде басқару фактісі бойынша, 10-ы қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін, 366-ы техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін, 1-і автокөлікке жалған мемлекеттік нөмір орнату фактісі бойынша және тағы 3-і көлікке стробоскоптар мен жарық сигналды дауыс зорайтқыш қондырғылар орнатқаны үшін келіп түскен. Нәтижесінде сот шешімімен 50 жүргізуші көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, 37 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ ППР командирі Асхат Амирхамзаев.
Облыс аумағында борышкерлерді, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлемеген тұлғаларды анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде көлік құралдарын ұстау және мамандандырылған тұраққа орналастыру түріндегі әкімшілік ықпал ету шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау жұмысы күшейтілді.