Атырау облысында күзет полициясы тұтас бір ауылдың су қоршауында қалмауын қамтамасыз етті
Атырау облысында күзет полициясы жергілікті тұрғындармен бірге тұтас бір ауылдың су қоршауында қалмауын қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Қызылқоға ауданында Ойыл өзені арнасынан тасып, қазір көптеген ауылға қауіп төніп тұр.
3 сәуірде Индер – Миялы облыстық маңызы бар тасжолында тасқын су көтеріліп, жолды түгел басып қалу қауіпі төнді. Бұл өз кезегінде ауыл маңы түгел суға кеткен Қоныстану ауылына гуманитарлық көмек апару және қажет жағдайда эвакуация жасау үшін жалғыз ғана негізгі жолдың жабылуы мүмкін екенін ескеріп, жергілікті тұрғындардың бірі жақын маңдағы Қаракөл ауылында бөгет көтерумен айналысып жатқан ҚР ІІМ Атырау облысы МКҚБ ММ-нің қызметкерлерінен көмек сұраған.
Полиция қызметкерлері дереу арада сол жерге жетіп, учаскелік полиция инспекторларымен және жергілікті тұрғындармен бірге ұзындығы 2 км бөгет жасап, тасжолды су басуға жол бермеді.