Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖД қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке балаларымен бірге шықты

Абай облысы ҚАЖД-ға қарасты № 21 мекеменің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке балаларымен бірге шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Семей қаласы әкімінің қаулысымен жарияланған жалпықалалық сенбілікке Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі №21 мекемесінің жеке құрамы нысанды киімдерін жұмыс киіміне ауыстырып, өз үлестерін қосты.

Мекеме қызметкерлері игі дәстүр бойынша жалпықалалық сенбілікке белсене қатысып, іргелес аумақтарды ретке келтірді. Тиісті құрал-жабдықтар алып, қатардағы қызметкерлерден бастап басшылық құрам түгел атсалысты.

Ерекше атап өтетін жайт, осы жолы қызметкерлер сенбілікке балаларымен бірге шықты.

Олардың айтуынша, мұндай шаралар өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, туған жеріне деген ұқыпты көзқарасын қалыптастырып, еңбекке баулиды.

Қызметкерлер тазалық жұмыстарына 100 дана қолғап пен 100 дана қоқыс қабын сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру