Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бизнес басшылары жұмыс орындарын ашу мақсатында елорда колониясына барды

Бизнес басшылары сотталғандар үшін жұмыс орындарын ашу мақсатында елорда колониясына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Еңбек-Аршалы» РМК филиалындағы объектілерде жұмыс орындарын ұлғайту бойынша пилоттық жоба аясында Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров, прокурордың орынбасары А. Сулейменова, «Енбек-Аршалы» филиалының директоры А. Бақтыбаев Астана қаласы ҚАЖД-ға қарасты №2 мекеме әкімшілігімен бірлесіп мекеме аумағында кәсіпкерлік ашуға қызығушылық танытқан жеке кәсіпкерлерге өндірістік орындармен таныстыру шарасын жүргізді.

Бизнес өкілдері «Еңбек-Аршалы» РМК филиалындағы өндірістермен, кіші және орта бизнес субъектілерінің өндірістік кезеңін аралап шықты.

Таныстыру шарасының басты мақсаты – мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтып, өндірістік қуаттылықты арттыру мәселелерін шешу.

Сонымен қатар «Еңбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аймағындағы бос үй-жайларды болашақта кіші және орта бизнес өкілдеріне жеке кәсіптерін жүргізу үшін жалға беру сұрақтары қарастырылды.

– Бүгінгі таңда мекеменің мақсаты – «Еңбек-Аршалы» филиалындағы өндірістік қуаттылықты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерін шақыру, – дейді Аршалы ауданының прокуроры Ж. Бақтияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру