Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды
Павлодарда анасымен жанжалдасқан азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде 34 жастағы павлодарлық мас күйде анасымен жанжалдасқан. Өзіне деген мұндай көзқарасқа төтеп бере алмаған әйел полиция қызметкерлерін шақырды.
– Шақыруды пысықтау кезінде ер адам алкогольді ішімдік ішіп, анасына балағат сөздер айтып, жанжал шығарғаны анықталды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін Павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал мамандандырылған әкімшілік сотта қаралды, онда ер адам ескерту түрінде жазаға тартылды, сондай-ақ тәртібіне ерекше талап қойылды. Сот шешіміне сәйкес ер адамға алты ай бойы алкоголь, есірткі және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынады, – деп түсіндірді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, сот процесінде ер адам кінәсін мойындап, анасынан кешірім сұрады.