Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында биыл үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған 127 тұрғын анықталды

Павлодар облысында биыл үй жануарларын ұстау ережелерін бұзған 127 тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 127 ит иесі жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Павлодар қаласының полициясына Айманов 15 тұрғындарынан балалар алаңында әйел адам итпен тұмылдырықсыз серуендеп жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Басқа жағдайда, қала тұрғындары №10 және №28-мектептердің аумағында иттер қыдырып жүргенін хабарлады. Сол күні полицияға облыстың екі тұрғыны қоңырау шалып, иттердің қабуы туралы хабарлады. Бірінші жағдайда абонент «Петренко көшесінде ит қызды тістеп алды», «Екібастұзда да қызды ит тістеп» алды.

– Шақыруға келген тәртіп сақшылары ит иелерін жауапқа тартты. Құқық бұзушыларға әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ ит иелерімен жануарларды серуендету ережелерін бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

Тәртіп сақшысының айтуынша, үй жануарларының иелері жеке тұрғын үй иелері иттерді жеке ауланың шекарасында ұстауы керек, олардың қашып кетуіне жол бермейтін ережелерді қатаң сақтауы керек, аулаға кірген кезде иттердің болуы туралы ескерту белгісі болуы керек. Иттердің өздігінен жүруіне қатаң тыйым салынады, үй жануарларын серуендету жеке тұлғалар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылуы тиіс. Бұдан басқа, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын серуендетуге он алты жасқа толмаған адамдарға тыйым салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру