Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер велосипед ұрлығына қатысы бар 24 жастағы жігітті анықтады

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Астана қаласы Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығына қатысы бар 24 жастағы жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін қала тұрғыны полицияға жүгініп, кіреберістің жанында тұрған құны 50 мың теңге болатын POLATO велосипедін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Полицейлер қаскүнемнің қолайлы сәтті пайдаланып, велосипед бекітілген арнайы сымды кесіп тастағанын анықтады. Сонымен қатар оның велосипед ұрлығының алты эпизодына қатысы бар екені белгілі болды.

Ол ұрланған екі дөңгелекті көліктерді кейін сатпақшы болған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрын сотталған ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыс. Күн жылынғаннан бастап көптеген қала тұрғындары екі дөңгелекті көлікке ауысады. Мұны пайдаланатын қаскүнемдер қоғамдық орындардан ұрлық жасайды. Негізінен ұрлық түнде және көбінесе үйлердің кіреберістерінен жасалынады.

Астана қаласының полиция департаменті велосипедтерді қараусыз қалдырмауды ескертеді. Велосипедтерді ұрылардың жеміне айналдырмау үшін ұрлыққа қарсы сапалы велосипед құлыптары мен тізбектерді пайдалануды ұмытпаңыз. Тұрақ ретінде бейнебақылау камераларының көру аймағында жақсы көрінетін жерлерге артықшылық беріңіз. Егер сіз кіреберісте жүрген күдікті бейтаныс адамдарды байқасаңыз полицияға «102» нөмірі бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру