Қостанайда полиция ІІО есебінде тұрған балалар үшін тегін спорттық үйірмелер ұйымдастырды
Қостанайда полиция ІІО есебінде тұрған балалар үшін тегін спорттық үйірмелер ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Салауатты өмір салтын насихаттау және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін облыстық ПД арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасымен «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы Қостанай филиалының қолдауымен кәмелетке толмағандар, оның ішінде ІІО есебінде тұрған және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар үшін тегін спорт секциялары мен үйірмелер ұйымдастырылды.
Балаларды спортқа тарту бойынша жұмысты Қостанай қаласы полиция басқармасының ювеналды инспекторлары жүргізеді.
– Спортпен шұғылдану – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алудың ең жақсы тәсілі. Біздің басты мақсатымыз – балаларды спортпен және шығармашылықпен қызықтыру, сондай-ақ балаларды алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру, – деп атап өтті ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Ләззат Жамалиденова.
«Динамо» базасында жасөспірімдерге арналған волейбол, футбол, баскетбол, гандбол, қоян-қолтық пен грек-рим күресі, самбо және бокстан 8 спорт секциясы жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта бұл секцияларға 400-ге жуық кәмелетке толмаған балалар тегін қатысып жатыр.