Павлодар облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді
Павлодар облысының полицейлері жастар бастамаларын дамыту орталығының алаңында облыстық мәслихат депутаты Саят Елқонденовпен және өңірлік блогерлермен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кездесу аясында Павлодар облысы ПД криминалдық полициясының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат, алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, павлодарлықтар алаяқтардың айла-амалдарына түсіп, оларға өз қаражаттарын беріп отырғанын атап өтті.
Соңғы уақытта алаяқтардың айла-шарғылары күрделене түсті және бұл ең алдымен интернет-технологиялардың дамуына байланысты орын алып отыр. Заманауи технологиялардың дамуы, сондай-ақ тез өзгеретін ақпараттық орта бізден алаяқтықтан қорғау процестеріне жақсы түсіністік пен белсенді қатысуды талап етеді. Тек төрт айдың ішінде облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 452 фактісі тіркелді. Алаяқтарға берілген сомалар 15 мыңнан 20 миллион теңгеге дейін ауытқиды.
Кездесу барысында спикерлер қатысушыларды алдаудың негізгі түрлері мен тәсілдері туралы хабардар етті. Алаяқтардың құрбаны болмау және жинақтарын сақтау туралы ұсыныстар берді. Тәртіп сақшысы азаматтарды алаяқтардың алдауының негізгі схемаларына назар аударды.
– Павлодарлықтар өз жинақтарынан айырылған адамдардың оқиғаларын қатысушыларға нақты мысалдар келтіріп айтып берді. Құжаттарды рәсімдеуде, несиелер мен тұрғын үй сатып алуда, әлеуметтік көмек алуда және басқаларында күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенімділік танытуда өте сақ болуды ұсынды. Өз проблемаларын шешуге немесе тез материалдық пайда алуға үміттеніп, алаяқтардың әр түрлі айлаларына сеніп қалмау керек, — дейді Ризабек Жанат.
Кездесуге қатысушылар алаяқтықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-шараларды талқылап, белгіледі.