Қостанайда Жас инспекторлар қозғалысы отрядының белсенділерімен халықаралық телекөпір өткізілді
Қостанайда Жас инспекторлар қозғалысы отрядының белсенділерімен халықаралық телекөпір өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысының полиция департаменті Ресей Федерациясы ІІМ Челябі облысының Бас басқармасымен бірлесіп, №6-орта мектеп алаңында Қостанай және Челябі облыстарының Жас инспекторлар қозғалысы отрядтарының халықаралық слетін ұйымдастырды.
Бұл іс-шараның мақсаты – жас инспекторлар қозғалысының жолдардағы қауіпсіз мінез-құлқын насихаттау және балалардың жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегуден алдын алу. Іс-шараға 3 мыңнан астам адамды қамти отырып, облыстың 300-ден астам ЖИҚ отряды қатысты.
– Мұндай іс-шаралар облыс полицейлеріне Ресей Федерациясының әріптестерімен жол қауіпсіздігі мәселесі бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ көрші елдердің оқушыларын жол қозғалысын насихаттауда біріктіруге мүмкіндік береді, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Мақсұт Ералиев.