Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері абаттандыру жұмыстарына үлес қосты

Ақмола полицейлері абаттандыру жұмыстарына үлес қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр.

Акция аясында Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бөлімшелері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Акция барысында мобильді топтар 2 мыңнан астам тексеру іс-шараларын өткізді, 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл 1538 абаттандыру ережелерін бұзу және жалпы пайдалану орындарының ластануының 523 фактісі.

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 7 автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірі мен 15 маусымы аралығында облыс аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – су тасқыны салдарын жою және елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру