ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады
ШҚО полицейлері 3 млн теңге қарызы бар борышкерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Борышкердің орналасқан жерін өз бетінше іздестіру мүмкін болмаған соң, олар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.
ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы 3 миллион теңге көлемінде қарызды өтеуден жалтарған 42 жастағы борышкерді іздеп тапқан. Енді сот орындаушысы пайда болған берешек бойынша өндіріп алумен айналысады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 80-нен астам борышкерді анықтаған.
Облыс ПД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңмен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.