Қостанай облысында полицейлер оқушыларға жол ережелерін еске салды
Қостанай облысында полицейлер оқушыларға жол ережелерін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазғы каникул қарсаңында полиция жол қозғалысының барлық қатысушыларының назарын аударады. Жыл басынан бері Қостанай облысында балалардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 19 кәмелетке толмаған зардап шекті.
Талдауға сүйене отырып, 80% жағдайда балалар жаяу жүргінші ретінде жарақат алады. Бұл жағдайда, олар өздері кінәлі болып жатады. Басқа жағдайларда балалар жолаушы болып, жол апатына ұшырайды.
– Балалардың қауіпсіздігі жеке үлгіден басталады. Ата-аналар қазір демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етулері қажет, – дейді полиция қызметкерлері.
Қостанай облысының полиция департаменті балалардың жолдағы мінез-құлқының қарапайым ережелерін еске салады. Балаларды тасымалдау кезінде балаға арналған қауіпсіздік құралдарын пайдалануды ұмытпаңыз, бұл жарақат алу қаупін азайтады. Жаяу жүргіншілер өткелдері мен қиылыстарда жүргізушілер жылдамдықты азайтыңыздар.
– Сақ болыңыз, өйткені жаяу жүргінші жолда кенеттен пайда болуы мүмкін, – деп кеңес береді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Елена Магасумова.
Сонымен қатар тұрғын үйлердің аулаларында қозғалысқа назар аудару қажет. Жол талғамайтын биік көліктің жүргізушісі жол бойында ойнап жүрген кішкентай баланы байқамай қалуы мүмкін.
Жазғы демалыс қарсаңында Қостанай облысы ПД қызметкерлері ата-аналарды көше мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелесуге шақырады.
Қазіргі уақытта “Назар аударыңыз – балалар!” республикалық акциясы аясында ел бойынша ауқымды профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Науқан 30 мамырға дейін жалғасады.