Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталғандар арасында лудоманияның алдын алу тақырыбында семинар өтті

Ақтөбеде облыстық кылмыстық-атқару жүйесі депараментінің басқару аппараты қызметкерлерімен және пробация бөлімінің жеке құрамының қатысумен «Ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы лудоманияның алдын алу», «Профайлинг», «Стресспен күресу әдістері» тақырыбында семинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семинарға Ақтөбе қаласыңың ішкі саясат бөлімі, дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы Әділжан Ұзақбай  және психолог маман Тимур Тулепбергенов шақырылды.

Кездесу барысында діндегі жат ағымдар, лудомания, профайлинг бойынша мәселелер талқыланып, зардабы және алдын алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстар жүргізілді.

– Бүгін қоғамдық мәселелерге арналған жағдайларды талқылау туралы жұмыстары жүргізілді. Бұл тақырып біз үшін ерекше маңызды мәселе болып табылады. Біздің мақсатымыз – қамқорлық көрсету, олардың өмірін жақсарту, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Қатысушылар талқылауға белсене қатысып, пайдалы ақпараттарға қаныққан өздерінің толғандырған сауалдар қойып толық жауап алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру