Алматы облысының әйелдер колониясында медициналық бөлім жаңартылды
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №10 мекемесіндегі медициналық бөлім жаңартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысының Жауғашты кентінде орналасқан әйелдер колониясында сотталған әйелдерге арналған медициналық бөлімі толық жаңартылып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Медициналық бөлімнің ашылуына ҚАЖД және Денсаулық сақтау басқармасының басшылары, қоғамдық бақылау комиссия мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша өкілі, мамандандырылған прокуратура қызметкерлері, сонымен қатар Іле аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігерлері қатысты.
Сотталған әйелдерге қызмет көрсетуге арналған жаңартылған медициналық бөлім заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, талапқа сай жасалынған.
– ҚАЖД тарапынан сотталғандарға медициналық көмектің толық көрсетілуі әрдайым қадағаланады. Жаңартылған материалдық-техникалық жабдықталуының арқасында дәрігерлік көмек көрсетудің сапасы да жақсаратын болады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Қайрат Дәлбеков.