Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полициясы балаларға ұмытылмас мереке сыйлады

Қызылорда полициясы балаларға ұмытылмас мереке сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Халықаралық балаларды корғау күні! Қазақстан үшін ана мен бала жағдайы ешқашан көңілден тысқары қалған емес. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев “Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз” – деп атап өткен болатын. Расында, еліміздің келешегі – бүгінгі жас ұрпақ. Балаларымыздың әрбір сәтін бақытқа кенелту үшін оларға жылылық пен мейірім шуағын аямауыз қажет. Осы орайда, қызылордалық полицейлер Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында арнайы ұйымдастырылған мерекелік шара барысында балалар жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің құралдарымен жəне техникаларымен жақынырақ танысты. Аты айтып тұрғандай, бұлар – ерекше мақсаттағы арнайы жасақ. Арыстандай айбатты, қырандайын қайратты арнайы жасақ қызметкерлері кәсіпқойлығы да, жасанып жарақтануының да жоғары деңгейде екендігін көрсетті.

Бұдан бөлек, балаларға арналған бүгінгі мерекелік шара барысында «Біз сенің балаларыңбыз Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Балалар тақырып бойынша өз өнерлерін ортаға салды.


Сондай-ақ балалардың көңілін көтеру үшін арнайы шақыртылған аниматорлар өнер көрсетіп, қызықты ойындар ойнатты. Тəртіп сақшыларымен арнайы балалар үшін ұйымдастырылған бүгінгі мерекелік шара барысында балалар полиция қызметкерлерімен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Естелікке сурет, видеоға түсті.

Іс-шара соңында барлық балаларға тәтті сусындар мен балмұздақ таратылып берілді. Өз кезегінде Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мейрам күні ұйымдастырылған іс-шараның маңызын атап өтіп, ата-аналар мен балаларды құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Қызықты әсерге бөленген балалар өздерінің қиялындағы суреттерді асфальтқа таңбалап, естелік сыйлықтарын алып, жоғары көңіл күйде тарасты. Өткізілген іс-шара балалардың естерінде ұзақ қалатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру