Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полициясы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады

Атырау облысының полициясы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамда орын алған құқық бұзушылықтар мен қылмыстармен күрестің алғашқы сапында полиция қызметкерлері жүретіні мәлім. Ел ішінде өзекті мәселелердің біріне айналған тақырыптардың бірі – әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі және отбасындағы тұмыстық зорлық-зомбылық деректері. Мемлекет басшысы қол қойған әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер осы жылдың 14 маусымынан бастап күшіне енеді.

Атырау облысы полиция департаментінің анықтау басқармасы сәуір-мамыр айларынан бері облыстағы учаскелік полиция инспекторларына заңдағы өзгерістерге қатысты түсіндірме жұмыстарын бастаған. Мақсат – хабарлама түскенде тұрғындарға бірінші болып баратын инспекторлардың заң аясында тиісті көмек беруде алгоритм бойынша әрекет етіп, жәбірленушілерге заң аясында тиісті көмек беруіне ықпал ету.

Полиция департаментінің ұйымдастыруымен қалалық прокуратура, №2 қалалық сот пен мамандандырылған әкімшілік сот, Әділет департаменті, Сот сараптама институты, облыстық жедел-жәрдем институты, полиция департаментінің және қала-аудандық құрылым басшылары мен жеке құрам қатысқан дөңгелек үстел өтті.

Жиын барысында әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енген соң олқылықтар мен кемшіліктерге жол бермеу мәселесі талқыланды. Әсіресе жаңа заңдарға сәйкес қылмыстық істерді тергеу, сот сараптамаларын тағайындау ерекшеліктері айтылды. Тараптар өз пікірлері мен сұрақтарын айтып, тиісті жауаптары берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру