Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД жасақ бастықтарын кәсіби мерекемен құттықтады

СҚО бойынша ҚАЖД жасақ бастықтарын кәсіби мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастықтары әр жұмыс күнін арнайы контингентті тексеруден бастайды. Бүгінгі күні облыс бойынша осы лауазымда 24 жасақ бастығы қызмет атқарады. Жасақтың әрқайсысында 100-ге жуық сотталған бар.

Салтанатты іс-шара барысында департамент бастығы Әділет Мустафинов қызметкерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, грамоталар табыстады. Сонымен қатар бірнеше ата-аналарға лайықты, әділ және адал қызметкерлерді тәрбиелегені үшін алғыс хаттар берілді. Құттықтау сөздерімен мекеме бастықтарының орынбасарлары мен департаменттің тәрбие құрамы да сөз сөйледі.

Жасақ бастығы тәрбие процесін бақылап қана қоймай, мекеме аумағындағы барлық тәрбие іс-шараларының бас ұйымдастырушысы болып табылады. Функционалдық міндеттерін орындаумен қатар, жасақ бастықтары мекеменің қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру