Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді
Астанада полиция есірткіні жарнамалаған үш күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері елорда аулаларының бірінде есірткіні заңсыз жарнамалап жүрген қала тұрғындарын ұстады. Белгілі болғандай, 30, 32 және 33 жастағы азаматтар адам көп жүретін – саябақтарда, скверлерде, аялдамаларда, үйлердің кіреберістеріне есірткі сайтының мекенжайын сызып белгілегені анықталды. Олар Nissan cefiro көлігімен қаланы аралап жарнамалау жұмыстарын жалғастырған. Аталған көліктерін тінту кезінде жазуы бар трафарет, есірткінің басы, аэрозоль бояулары, телефондар тәркіленді.
Осы факті бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау, заңсыз жарнамалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.