Биыл елордада тыныштықты бұзған 7,5 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды
Биыл елордада тыныштықты бұзған 7,5 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елорданың учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмысындағы ашықтық, жариялылық, азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою, тұрғындармен кері байланыс орнату, құқық бұзушылықтың алдын алу басты басымдықтар болып саналады. Тығыз және сенімді қарым-қатынасты орнатуға учаскелік полиция қызметкерлерімен тұрғындардың бірлескен сұхбаттары, қаладағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды құру, сондай-ақ абаттандыру ережелерін сақтауға үлкен септігін тигізеді.
Учаскелік полиция қызметкері азаматтардың қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық, қаланы абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бойынша пәрменді шаралар қолдана отырып, чаттар арқылы азаматтардың мәселелері туралы ақпарат алып, оларды жедел шешуде жұмылады.
Осылайша, қоғамдық пікір алмасу чатындағы тұрғынның Нұра аудандық ПБ учаскелік инспекторына түнгі сағат 23:30-да Астана тұрғыны дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың тыныштығын бұзғаны туралы ақпарат берген.
Түнгі тыныштықты бұзғаны үшін учаскелік инспектор құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғады. Құқық бұзушы 5 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында елордалық полицейлер 20-30 маусым аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, сондай-ақ қылмыстың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.
Жедел шараның 6 күнінде полицейлер 4 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 10 факті ата-анасының және басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, 370-ке жуық түнгі тыныштықты бұзу, 50-ден астам ұсақ бұзақылық, 260-ы – қоғамдық орындарды ластау, 460-қа жуығы ішімдік ішу фактісі болған. Алкогольдік ішімдіктер немесе қоғамдық орындарда мас болып көріну және т.б.бойынша да деректер тіркелді.
Полиция департаменті барлық азаматты қырағы болуға және құқық бұзушылықтар болған жағдайда дереу “102” жедел арнасына хабарлауға шақырады.