Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полиция қызметкерлері демалушы оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

Павлодар облысында полиция қызметкерлері демалушы оқушылармен ақпараттық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Чайка» жазғы сауықтыру лагеріндегі балаларға Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі жөнінде, сондай-ақ вейп пен лудоманияның зияны туралы айтып берді.

– Жаз – балалар үшін демалуға, күнге қыздырынуға, шомылуға және демалудан ләззат алуға болатын көптен күткен уақыт. Полицейлер үшін бұл айлар өскелең ұрпақпен профилактикалық жұмыстарға толы болады. Жазғы кезеңде балалар демалуды ұнатып, орманда, жолда, тоғандарда қарапайым тәртіп ережелерін ұмытады. Бала жазатайым оқиға немесе қылмыс объектісіне айналмас үшін біз осындай іс-шаралар өткіземіз. Әр демалушымен, тәлімгерлермен де әңгімелесеміз, – деді Шарбақты ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Қайрат Сатыбаев.

Кезекті кездесуде тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылығы туралы түсіндірді. Жауапкершілік қай жастан басталатынына және қандай жазалар қарастырылғанына назар аудара отырып, сондай-ақ вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынаиындығы, олардың зияны мен салдары туралы айтты.

Учаскелік полицейлер балаларға көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері туралы, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде жеке қауіпсіздік шаралары туралы, сондай-ақ балалардың су айдындарында ересектердің еріп жүруінсіз болуына тыйым салу туралы еске салды. Көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда тәртіп ережелерін сақтауды ұсынды.

Кездесу соңында полицейлер балаларға демалыстарын қызықты және ең бастысы – қауіпсіз өткізулерін тіледі. Өз кезегінде демалушы оқушылар қызықты ақпарат бергені үшін алғыстарын білдіріп, полицияның кеңесін пайдалануға уәде берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру