Абай облысында ІІО ардагерлері ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды
Абай облысында ІІО ардагерлері ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарына алғаш кіретін жас қызметкерлерге тәлімгерлікті ұйымдастыруда және олардың кәсіби бейімделуіне тәжірибелік көмек көрсеткен ІІО-ның 10 ардагері ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменіне қарасты мекемелерден қызмет етіп зейнетке шыққан 600-ге жуық ішкі істер органдарының ардагерлері бар. Қоғам тыныштығы жолында, бар күш жігерлерін аямай сарп еткен ардагерлер бүгінде өздері зейнетке шыққан мекемелермен тығыз байланыста. Олай дейтініміз, кейінгі жас буынға өз тәжірибелерімен бөлісіп, білмегенін түсіндіріп беруде ардагерлердің үйретері мол. Оның бір дәлелі жыл сайын №21 мекемесі әкімшілігі зейнеткерлерді шақыртумен жоспарға сай, тәжірибе алмасу төңірегінде іс-шаралар өткізіп тұрады. Шарада, жас буынның өз қызметіне деген адалдығы мен күш жігерін сезіне білуін, заңды басты орында ұстанып, жемқорлықтан бойларын аулақ ұстауға қатысты пікірлерін білдіріп насихат айтады.
Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрістерін дамытуға, патриотизмге баулуға өз үлестерін қосып келеді. Осындай біліктілігі мен білімі толысқан ардагерлерге Абай облысы бойынша ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов пен департамент бастығының орынбасарлары Ғалымжан Балтабаевтың, Роллан Жумажановтардың ұсынысымен ІІМ тарапынан арнайы құрмет көрсетіліп, ізгілік сөздері жазылған Алғыс хат тапсырылды.
Қанша жыл еңбек етіп зейнекте шықса да үйде отыруды жөн санамаған аталған зейнеткерлер бүгінгі таңда да әр түрлі салаларда еңбек етіп, болашақ жас буынға өз еңбекқорлықтарымен үлгі-өнеге көрсетіп келеді