Павлодар облысында ауыл тұрғыны жоғалған қойларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді
Павлодар облысында ауыл тұрғыны жоғалған қойларын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жоғалған қойларды іздеуде көмек көрсетуді сұрап, өтінішпен Павлодар ауданының полиция бөліміне жүгінді. Көктөбе ауылының маңындағы жайылымнан 29 бас қой жоғалды. Үй жануарларының иесі іздеумен өзі айналысқан, бірақ іздестіру сәтсіз аяқталған соң оларполицияға жүгінген.
– Жоғалған малды іздеу үшін криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. Полицейлер елді мекенді үй-үйді аралап, орман алқаптарын, жақын маңдағы мал айдау орындарын тексерді. Мұқият жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде барлық жоғалған қойлар Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңындағы дала аймағында табылды. Тексеру барысында мал иесі өз қойларын анықтады, – деді Бекзада Бөлежанов Павлодар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары.
Табылған мал заңды иесіне қайтарылды, ол көрсеткен көмек үшін полицейлерге ризашылығын білдірді.