Жетісу полицейі қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жүлделі орынды иеленді
Жетісу өңірінің полицей қызы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатында жүлделі орынды иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда жастар арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 20 командадан тұратын 450 спортшы бақ сынасты.
Жетісу облысының намысын ПД тылмен қамтамасыз ету басқармасының технигі Айым Кенжебекова қорғады.
Айым 58 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қиын күресте өзінің табандылығын танытып, жүлделі 3 орынға табан тіреді. Полицей қыз бірнеше рет әлемнің және еліміздің ірі чемпионаттарына қатысқан, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер және Қазақстан чемпионы.