ШҚО полицейі зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді
ШҚО полицейі зейнеткерге жоғалған әмиянын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Зейнеткер әмиянының жоғалғанын бірден байқамаған. Полиция қызметкері Қуаныш Мәулетханов патрульдеу маршруты бағытында жүргенде еденде жатқан әмиянды көрген. Айналасына қарап, ол біреудің оны жолда түсіріп алғанын түсінген. Әмиянды тексерген тәртіп сақшысы қолма-қол ақша мен құжаттарды қарап, оның иесін анықтады.
77 жастағы Зоя Васильевна әмиянын жоғалтып алғанын бірден байқамаған және полиция қызметкерлері оның үйінің есігін қаққанда таң қалды. Сол күні зейнеткер емханаға барған екен. Содан қайтар жолда абайсызда түсіріп алғанын айтып берді.
Қуанған әжей полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, оларға жақсы қызмет пен амандық тіледі.