Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жолда қабылдау” акциясы: Қостанай облысының полицейлері тұрғындардың сұрағына жауап берді

Қостанай облысында “Жолда қабылдау” республикалық акциясы барысында 130-ға жуық сұрақ қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19-20 шілде аралығында өткен «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында Қостанай облысының тұрғындары әкімшілік полиция мен көші-қон қызметінің қызметкерлеріне толғандырған сауалдарын қойды. 

Instagram және Facebook ведомстволық аккаунттарында полицейлер халыққа ыңғайлы болу үшін акция аясында тікелей эфирлер ұйымдастырды. 

Мамандандырылған ХҚКО-ға келген азаматтар мен әлеуметтік желілерді пайдаланушылар көбінесе жол қауіпсіздік, көлікті тіркеу, және көші-қон желісі бойынша сұрақтар қойды. Қостанай облысы ПД процессингтік орталықтың бастығы Ерлан Қазбековтың айтуынша, мұндай іс-шара полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру