Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында сотталған әйелдер арасында жазғы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Алматы облысында сотталған әйелдер арасында жазғы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №10 мекемесінде сотталған әйелдер арасында жыл сайынғы жазғы спартакиаданың ашылуы өтті.

Спартакиаданың ашылу салтанатына қадірлі қонақ және тәуелсіз төрешілер ретінде ҚР Жазушылар одағының мүшесі – Шавкат Назаров, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Кентавр» дарынды спортшыларға көмек көрсету қоғамдық қорының президенті – Махмұд Ескендіров, еркін күрестен спорт шеберіне кандидат Мәлікжан Заитов, спорттың у шу және джет кун до түрінен спорт шебері, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне кандидат Ринат Авакриев және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Әшім Құрбанов шақырылды.

Спартакиадаға қатысушылар әртүрлі фантастикалық кейіпкерлер бейнесіне еніп, өз өнерлерін көрсетті. Кейіпкерлердің барлық киімдерін сотталған әйелдер өздері тігіп, шеберліктерін де ортаға салды. Іс-шара соңында ашылу конкурсының қорытындысы шығарылып, спартакиада алауы жағылды. Алда бір ай бойы спорттық жарыстар өтетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру