Шетел азаматы Алматы полициясына алғысын білдірді
Алаяқтық құрбаны Алматы полициясына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қырғызстан азаматы Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлеріне алғысын білдірді.
– Бостандық аудандық полиция басқармасының тергеушісі Нұрсұлтан Талғат пен Бостандық аудандық ПБ бастығының орынбасары Елдос Бақбергеновке үлкен алғысымызды білдіреміз. Кәсібиліктің арқасында криптовалютаға қатысты алаяқтық үшін қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Кінәлілер анықталып, ұсталды, криптовалютадағы активтерім маған қайтарылды. Тергеуші оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, интернет-алаяқтық істерін қадағалайтын халықаралық ұйыммен байланысқа шықты, сонымен қатар криптовалюта биржасының өкілдерімен кәсіби түрде диалог жүргізді. Жұмыс толық көлемде орындалып, істің біліктілігі дұрыс анықталып, бірқатар сараптамалар жүргізілді. Осы қызметкерлердің кәсіби және адами қасиеттерін Алматы полициясының басшылығына жеткізуді азаматтық борышым деп санаймын, – деді алғыс хаттың авторы.