СҚО ҚАЖД-ның 20 жас қызметкері алғашқы кәсіби дайындыққа жіберілді
СҚО ҚАЖД-ның 20 жас қызметкері алғашқы кәсіби дайындыққа жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде басшылықтың Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының алғашқы дайындық оқу орталығына жіберілетін жас қызметкерлермен кездесуі өтті. Екі айдың ішінде тыңдаушылар білімдерін толықтыру және жетілдіру, сондай-ақ қызметті табысты бастау мақсатымен қажетті кәсіби дағдыларды дамыту есебінен құқық қорғау органдары үшін жас кадрларды даярлаудан өтетін болады.
Әрбір тыңдаушымен қажетті құжаттарды жинау, әскери-дәрігерлік комиссиядан өту, дене шынықтыру дайындығы бойынша алдын ала жұмыс жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және қоғамдағы мінез-құлық ережелері қосымша түсіндіріледі.
Оқу аяқталғаннан кейін жас қызметкерлер өздерінің алғашқы атақтарын алып, одан әрі қызметке ведомстволық бағынысты мекемелерге және пробация қызметтері бөлімдеріне жіберіледі.
– Естеріңізде болсын, енді сіздер азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын қорғап, қоғамның сенімін ақтауға міндеттісіз. Сіздердің әрқайсыларыңыз бейбіт азаматтардың өздерін толық қауіпсіз сезінуі үшін ішкі органдардың беделін көтеруге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесіңізді қосуларыңыз керек. Сіздер тәртіп сақшыларының лайықты ізбасарларысыз. Құрметті әріптестер, оқуларыңызды табысты аяқтап, одан әрі қызмет етуіңізде табыс тілеймін!, – деп атап өтті бастықтың уақытша міндетін атқарушы Қанат Сүлейменов.
Осы жылдың басынан бастап СҚО бойынша ҚАЖ департаментінен бастапқы даярлыққа 50-ге жуық тыңдаушы жіберілді.