Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды

Ақтөбеде есірткі сатушылар 10 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында полиция қызметкерлері бау-бақша ұжымы ауданында жедел іс-шаралар өткізу барысында автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші мен жолаушыдан жедел қызметкерлер 2 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіледі, ал автокөліктен 90 грамға жуық “синтетика” тәркіленді. Сонымен бірге ұсталғандардың бірінің тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер 7 грамнан астам есірткі затын тауып, тәркіледі.

Алынған синтетикалық есірткі заттарының жалпы салмағы 99 грамнан асты.

Есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру жұмыстары жүргізілді. Сот екі күдіктіні де 10 жылға қатаң режимде бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру