Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде дөңгелек үстел өтті
Ақмола облысының күш құрылымдары мен денсаулық сақтау саласының өкілдері дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде дөңгелек үстел өткізілді, жиында арнайы контингентті медициналық қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Көкшетау қаласының тергеу изоляторының базасында қылмыстық-атқару жүйесі, прокуратура, Ұлттық Ұлан және облыстық денсаулық сақтау органдары өкілдерінің кездесуі өтті.
Мамандардың медициналық көмегіне мұқтаж сотталғандарды айдауылдау, медициналық мекемелерде стационарлық емдеу, дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, емделуге келген адамдарды бекіту сияқты өзекті мәселелер қаралды.
– Бүгінгі таңда емделуге мұқтаж Ақмола облысы мен Астана қаласының мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қызмет көрсету бойынша үлкен жүктеме тергеу изоляторының қызметкерлеріне жүктеледі. Емделуге келгендер, әдетте, бізде ұзақ уақыт болады. Бірлескен күштермен медициналық көмек алудың, келген сотталғандардың, қажетті консультация алуының толыққанды өткенін қалаймын, – дейді Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Мерген Аргумбаев.
Медицина өкілдері тарапынан кезектілік мәселелерін реттеу және сирек мамандарға жазылу бойынша уақытылы қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Жұмыс кездесуі барысында қатысушылар өз ұсыныстарын енгізіп, талқылап, ортақ пікірге келе отырып, тәжірибелерімен бөлісті.
– Мұндай бірлескен кездесулер ашық диалогта ең дұрыс шешімдерді табуға болатын іс-шаралар мен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша белгілі бір мәселелерді шешу үшін қажет, – деп түйіндеді Ақмола тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы Жамбыл Мадеев.