Түркістан облысында тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуымен маңызды жиын өтті
Түркістан облысында тергеушілер мен анықтаушылардың қатысуымен маңызды жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен бірқатар өзекті мәселелерге қатысты маңызды жиын өтті. Атап өтсек, күн тәртібінде заңсыз жер қойнауын пайдалану дерегіне қатысты қылмыстарды тергеп-тексеру жай-күйі қаралды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстарды тергеп-тексерудің жай-күйі мен тұрмыстық зорлық зомбылықпен ұштасқан қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысы талқыланды.
Жиынға тергеу және анықтау басқармасының жеке құрамы, барлық қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің тергеу жөніндегі орынбасарлары, тергеушілер мен анықтаушылар қатысты.
Аталған жиналыста баяндамалар тыңдалды. Одан бөлек қылмысқа қарсы күрес бағытында бірлесіп жұмыс атқару, ҚР ІІМ-нің бұйрық талаптарын орындау уақытылы орындау тапсырылды.
Жиын соңында жеке құрамға жұмысты жандандыру бойынша нақты бағыттар беріліп, ұсыныстар қаралды.