Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысында 45 сотталған диплом алды

Солтүстік Қазақстан облысында 45 сотталған диплом алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№50 мекеменің аумағында “Петропавл кәсіптік колледжі” КММ-де оқу бітірген сотталғандарға салтанатты түрде диплом табысталды. Жалпы, әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері біліктіліктерін бере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану мамандығы бойынша №1 топтан, тігінші және сәнгер-тігінші біліктіліктерін бере отырып, тігін өндірісі және киімді модельдеу мамандығы бойынша №2 және № 7 топтардан 45 сотталған әйел диплом алды.

Оқу жылы ішінде сотталғандар теориялық материалды игеріп, электр жабдықтарын, тігін ережелерін, қауіпсіздік техникасын оқып, содан кейін практикалық сабақтарға кірісті.

– Сотталғандардың дәл осы мамандықтарға қызығушылық танытқан себебі олардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің өзінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие екендігі. Сонымен қатар орта кәсіптік білім алуға және кәсіптік оқытуға деген оң көзқарас сотталғанның мінез-құлық дәрежесін анықтау кезінде ескеріледі, – атап өтті мекеме бастығының орынбасары Оксана Вышар.

Өз кезегінде сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарында білім алу мүмкіндігі үшін колледж басшылығы мен оқытушылар құрамына алғыстарын білдірді.

Айта кету керек, алдағы оқу жылына Петропавл кәсіптік колледжі 5 мамандық бойынша 90 студент-сотталғандарды қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру