Биыл Павлодар облысында қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 57 қылмыс ашылды
Биыл Павлодар облысында қоғамдық көмекшілердің қатысуымен 57 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда облыс бойынша қоғамдық құрылымдардың саны 794 адамды құрайды, олар құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүргізетін, патрульдеуге қатысатын, полиция қызметкерлеріне жәрдем көрсететін азаматтар.
– Жыл басынан бері қоғамдық көмекшілердің қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 57 қылмыс ашылып, 857 адам ұсталды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Тәртіп сақшысы осы жылы қоғамдық көмекшілерді көтермелеуге облыстық бюджеттен 7 млн теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті. Өткен кезеңде 201 азамат жалпы сомасы 4 млн теңгеге ақшалай қаражатпен көтермеленді. Сонымен қатар қоғамдық көмекшілер қатарында іздестіру және гуманитарлық көмек көрсететін өңірлік еріктілер бар.
– Біздің ортақ мақсатымыз – бұл әлемді жақсартуға көмектесу. Біз отбасымыз үшін, балаларымыздың болашағы үшін тыныш қоғамды сақтағымыз келеді. Қылмысқа, бұзақылыққа, тәртіпсіздікке біздің аулаларымыз бен көшелерімізде орын жоқ, – дейді Аққулы ауданы полициясының қоғамдық көмекшісі Жания Сағымбаева.
Полицейлер құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдармен бірлесіп, өңірдегі криминогендік жағдайды тұрақтандыру үшін қоғамдық тәртіпті қорғауға, профилактикалық қызметті жетілдіруге негізгі күш-жігерді шоғырландыру бойынша барлық шараларды қабылдап жатқанын атап өткен жөн.