Ақмола облысында ер адам жасөспірімнің мотоциклін сатып жіберген
Ақмола облысында ер адам жасөспірімнің мотоциклін алдап алып, сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 9 тамызында Степногорск қаласы полиция басқармасына алаяқтық фактісі туралы жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті.
Әйел 29 шілдеде өзінің 16 жастағы ұлына тиесілі Yaqi мотоциклін белгісіз ер адам алдау арқылы иемденгенін хабарлады. Залал сомасы 200 мың теңгені құрады.
Өтініш беруші ұлына қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мотоцикл сатып алғаны алдын ала анықталды, осы мотоциклмен 16 жастағы жасөспірім қалада серуендеуге шыққан. Көшелердің бірінде жасөспірім жас жігітпен танысқан, ол жасөспірімнің сеніміне кіріп, көлік құралмен жүріп көруді өтінген.
Қайтып келгенде, күдікті кәмелетке толмағанды мотоциклдің бұзылып қалғанына сендірген және оны жөндеуге көмектесуге уәде берген. Жөндеуге рұқсат алғаннан кейін, күдікті бөтеннің көлік құралын ТҚС-ға алып барған, онда ол бөтеннің мүлкін бағасыз сатқан.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұған дейін ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі, 191-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Степногорск қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.