Алматы облысының полицейлері үш күн ішінде 161 контрафактілік өнім тәркіледі
Алматы облысының полицейлері үш күн ішінде 161 контрафактілік өнім тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шара барысында полицейлер бұрын жасалған 14 қылмысты ашып, 13 күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Үш күндік жұмыс барысында 161 дана контрафактілік өнім анықталып, тәркіленді. Нәтижесінде 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар аудандық бөлімшелермен бірлесе отырып, “Киберпол” СНТ қызметкерлері шегілмейтін темекі бұйымдарын, вейптарды және оларға арналған сұйықтықтарды заңсыз сату және таратудың 4 фактісін тіркеді, екі қылмыс “ізін суытпай” ашылды.
“Anti-fraud” шарасы киберқылмыспен және контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымымен күресуге, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.