Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша іс-шара өтті

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру шеңберінде жұмысты ұйымдастыру бойынша көшпелі іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандар босатылғаннан кейін оны күтетін болашақ туралы ойлану керек. Әкімшілік қызметкерлер сотталғанның отбасының мүдделерін қорғауға және бостандыққа шыққаннан кейін сотталғанды қоғамға қосуға,  колония сыртындағы адамдармен байланысын нығайтуға көмектеседі.

Ұзақ мерзімді өтеп жатқан сотталғандарды босатуға дайындық үшін ерекше шаралар қабылдау қажет, өйткені олардың қоғаммен байланысы толығымен жоғалуы мүмкін.

Дайындықтың негізгі міндеті – сотталғандардың жаңа жағдайларда тәртіпті әрекет етуге деген ұмтылысын қалыптастыру. Сотталушының колония жағдайында өмірден толық еркіндік жағдайына күрт ауысуы, әдетте оның психикасына теріс әсер етеді. Сотталғандарға мұндай ауысуды жеңілдету үшін оларды босату актісіне де, босатылғаннан кейін кездесетін мәселелерді шешуге де біртіндеп дайындау қажет.

Осылайша, атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау мақсатында 2024 жылғы 23 тамызда ҚР ІІМ ҚАЖК «№ 32 мекемесі» РММ Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды қайта әлеуметтендіру шеңберінде жұмысты ұйымдастыру бойынша көшпелі іс-шарасы мамандарды тарта отырып ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Позитивті даму» ЖМ директоры, клиникалық психолог О. Панасиди, маман-кеңесші В. Осокина, заңгер Н. Романовская, «Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» КММ Абай ауданы директорының м.а. М. Абдрахмановалар қатысты.

Оларға орталықтар ұсынатын қызметтер спекторы туралы қажетті ақпарат жеткізілді, іс-шара соңында сотталғандар әрбір маманның жеке қабылдауына қабылданды, онда әрбір сотталушының жеке мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру