Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды
Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтетін Қазақстан мен Норвегия арасындағы Ұлттар лигасы матчы қарсаңында ПД қызметтері мен бөлімшелерінің жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Полиция күштері спорт нысанының өзінде де, оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
– Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев, Байзақов, Құрманғазы көшелерінде жол қозғалысы жартылай шектелетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды алдын ала бағдарын реттеп, көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз.Сонымен қатар футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керектігін еске саламыз, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.