Ақмола облысында сотталғандар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының белсенді жанкүйері болды
Ақмола облысында сотталғандар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының белсенді жанкүйері болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бес күн бойы Астана қаласында 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында этникалық спорт түрлерінен халықаралық спорттық жарыстар – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде.
Байқауға 89 елден 2 мыңнан астам өкіл қатысты. Ойындар үш бағытты қамтиды – спорт, мәдениет және ғылым. Байқау Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының халық ойындарына негізделген.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көшпелі халықтардың мәдени мұрасын, спорттық шеберлігін және дәстүрлі спорт түрлерін паш ететін, әртүрлі елдердің халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетін алаңға айналды.
– Бұл ойындар өте әсерлі, қызықты болды. Мен мұндай спорттық жарыстар туралы бірінші рет білдім, мұндай мүмкіндік берген мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – дейді сотталған Василий.
Халықаралық ойындардың мақсаты – мәдениетті сақтау және жаңғырту, дүние жүзіндегі көшпелі халықтардың ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейге шығару.
– Жарыстың барлық кезеңінде сотталғандар оқиғалардың дамуын, жарыстың нәтижелерін қызығушылықпен бақылап отырды. Әлемдегі ең ірі спорттық жарыстардың бірі Қазақстанда өтіп жатқанын мақтан тұтады, – деді Жанат Кожин, Ақмола қылмыстық атқару жүйесі № 4 мекемесі бастығының орынбасары.