Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция ЖКО-ның алдын алу үшін мотошеру ұйымдастырды

Қостанай облысында полиция ЖКО-ның алдын алу үшін мотошеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЖКО-ның алдын алудың ерекше форматын тәртіп сақшылары өткен демалыс күндері ұйымдастырды. Бұл идеяны 30 жергілікті әуесқой мотоцикл жүргізушісі қолдады. 

Мотоцикл легінің алдында полиция эвакуаторы апатқа ұшыраған көлікпен жүрді. Сынған әйнектер, көліктің мыжылған корпусы колонна жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілерге жолдардағы қателіктер қандай қайғылы салдарға әкелетіні туралы ойлануға тұрарлық екенін анық көрсетті. 

Демонстрациялық мотошеру кезінде полицейлер дауыс зорайтқыш құрылғының көмегімен “Жылдамдықты асырамын деп, өміріңді тоқтатып алма!” аудиожазбасын қосты.

Айта кету керек, мотоколонна қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, жүргізушілердің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де назарын аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру