Павлодар облысында полицейлер мен қоғам белсенділері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мереке ұйымдастырды
Павлодар облысында полицейлер мен қоғам белсенділері ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірдегі автоклубтармен бірлесіп олар 42 ұл мен қыз баланы демалыс базасына апарды. Балалар көңілді аниматорлармен спорттық эстафеталарға қатысты. Екі командаға бөлініп, жас қонақтар күш, ептілік және жылдамдық бойынша бір-бірімен жарысты. Нәтижесінде достық жеңіске жетті. Жануарларды көріп, атқа міну үлкен қызығушылық тудырды.
Балалар дәмді палау жеп, шай ішіп жатқанда, ұйымдастырушылар балаларға зор денсаулық, оқуда озат болуды және қуаныш тіледі. Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар, қолдау орталығының тәрбиеленушілері өлеңдер айтып, ән айтып, тәтті сыйлықтар алды.
Іс-шара соңында полицейлер балаларға жасөспірімдер ортасына тән құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы, оларды жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндірді, сондай-ақ алкоголь, темекі және есірткі заттарын пайдаланудың зиянды салдары туралы еске салды.
Балалар полицейлерге спорттық мереке үшін алғыс айтып, салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, заңды бұзбауға уәде берді.