Жетісу облысында сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті
Жетісу облысында сотталғандар арасында ұлттық спорт түрлерінен турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты Талғар және Еңбекшіқазақ аудандық пробация бөлімдерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталғандар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара Талғар ауданындағы А. Кивилев атындағы спорт мектебінде өтті.
Турнирге 100-ге жуық сотталған азаматтар қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
– Бұл іс-шара ұлттық ойын түрлерін жастар арасында насихаттау мақсатында өткізілді. Спорт есепте тұрған сотталғандарды түзету, дұрыс жолға салудың құралы ретінде қолданылады, – деп атап өтті пробация қызметін басшылық ету бөлімінің бастығы Айдар Қосжанов.