Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар ер адам ұсталды
Түркістан облысында тонау қылмысына қатысы бар ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тұрғынның телефоны мен ақшаларын күштеп тартып алған күдікті ер адамды ұстады.
Анықталғандай, екі жәбірленуші түнгі уақытта кафеден шығып, такси іздеген. Оларға көшеде жолыққан белгісіз ер адам олардың мас күйде екенін байқап, шабуыл жасаған. Күдікті ер адам күш қолдану арқылы құны 100 мың теңге тұратын телефондары мен ақшаларын тартып алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде телефондарды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.