Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында сотталғандардың жасаған қолөнер туындыларының көрмесі өтті

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №77 мекемесінде қоныс-колониясы мен тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың шығармашылық туындыларының керемет көрмесі ұйымдастырылды. Бұл ерекше шара сотталғандардың таланттарын көрсетіп, олардың қоғамға оралу жолындағы маңызды қадамдарын атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрме барысында қонақтар сотталғандардың түрлі жұмыстарын тамашалай алды. Сандық, бесік, үй, тоқылған бұйымдар, қағаз бен ағаштан жасалған көркем шығармалар — бәрі де қатысушылардың шеберлігін паш етті. Көрменің ерекшелігі макеттерде болды. Бір сотталған мешіт моделін жасап, екіншісі қағаздан кеме ұсынды. Мекемеде электрик боп жұмыс істейтін сотталған да өзінің ерекше шығармашылығын көрсетті: ол “Үміт сәулесі” атты электроқұрылғының макетін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар өз өлеңдерін де оқыды.

Іс-шара барысында үш жүлделі орын бойынша жеңімпаздар анықталды. №43 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғанның жіп мен шегелерді пайдаланып жасаған жылқының бейнесі бар картинасы көрменің ең есте қаларлық туындыларының бірі болды.

Көрме кезінде әрбір қатысушы өз шығармаларын таныстырып, әділқазылар құрамында мекеме бастығының орынбасары Азат Шабиков, Маңғыстау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл Аслан Кужиев және “Ақниет” ақпараттық-насихат орталығының өкілі Асланбек Тыныштықов сотталғандардың әлеуметтік бейімделу үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Бұл көрме сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мен олардың жақсы болашаққа деген сенімдерін нығайтуда маңызды қадам болды. Бұл іс-шараның өткізілуі сотталғандардың қоғаммен байланысын күшейтіп, жаңаша көзқараспен өмір сүруге деген ынтасын арттырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру