Алматыда ҚАЖД қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтады
Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері Халықаралық қарттар күнінде ерекше ілтипатқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қылмыстық-атқару саласының қиын да күрделі қызметінде тәжірибе жинақтап, шыңдалған бүгінгі ардагерлердің жас мамандарға берер тәлімі мен тәрбиесі баға жетпес бағдар екені даусыз. Осы орайда аға буын өкілдері өздерінің қызметтік жолдарындағы жетістіктерімен бөлісіп, департаменттің жеке құрамына адал да абыройлы қызмет атқаруды өсиеттеді.
Қарттар күніне арналған салтанатты жиында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев құттықтау сөз сөйлеп, 50 ардагерге сый-сияпат табыстады.
Мерейлі мереке ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көптен көріспеген қарттар мерекелік дастарханда бас қосып, әңгіме-дүкен құрды.